Пән бойынша қорытынды баға - Силлабус пән: Психология тарихы Курс
.RU

Пән бойынша қорытынды баға - Силлабус пән: Психология тарихы Курс

бет4/9Дата16.01.2017өлшемі1.66 Mb. 1 2 3 4 5 6 7 8 9


Пән бойынша қорытынды баға:

Қорытынды баға төмендегі формула бойынша есептеледі:

ҚБ=Р*0,6+Э*0,4

Мұндағы:


Р- рейтинг бағасының сандық эквиваленті

Э- емтихандағы бағаның сандық эквиваленті




Курстың саясаты және процедурасы
1. Дәріс және тәжірибелік сабақтарға кешікпеу;

2. Дәріс немесе тәжірибелік сабақтарды босатқан жағдайда, өз бетімен өткен материалдарды келесі сабаққа дейін оқып, дәрісті конспектілеп, тәжірибелік сабақтың тапсырмаларын орындау;

3. ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларының тапсыру мерзімін қатаң түрде сақтау;

4. ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын қорғау мерзімінде студенттің сұрақтарға дұрыс жауап беру қабілеттілігі тексеріледі;

5. Тәжірибелік сабақтың тапсырмаларының орындалу барысына талдау жасалады;

6. Дәріс немесе тәжірибелік сабақтарда ұялы телефонмен сөйлесуге, сағыз шайнауға, құлаққаппен музыка тыңдауға, басқа нәрсемен шұғылдануға тиым салынады

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

Гуманитарлық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»
Университет ректоры

_________ Құрманбаева Ш.А.

«_____» _________2015 ж

.

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Пән: «Психология тарихы»

Мамандық: 5В010300 «Педагогика және психология»

Кредит саны 3

Курс - 3


Семестр - 5

Дәрістер – 30

Практикалық сағаттар -15

Барлық дәрісханалық сабақтар -45

СОЖ – 22,5

СӨЖ – 67,5

Емтихан – 5 семестр

Семей 2015 ж.

Психология тарихы пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы

негізінде құрастырған аға оқытушы, магистр Дакина Г.Т., аға оқытушы, магистр Жолдыбекова А.Т, .оқытушы, магистр Еркінтаева Д.У.


Педагогика және психология кафедрасы мәжілісінде қаралды

«___» _____________ 2015 ж. Хаттама № ____________


Кафедра меңгерушісі ____________________ Избасарова Ф.Д.
Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы мақұлдады.

№ хаттама «__ ___» _____ 2015 ж.

Төрайымы: ________________ Ахметова А.К.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілді


«___» __________ 2015 ж. Хаттама №____________
Төрайымы_________________Жарықбасова К.С.

1.Пәннің мақсаты мен міндеті және оның оқу процесінде алатын орны

1.1 Пәннің мақсаты: студенттерді психология тарихының өзекті мәселелері мен және зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелермен таныстыру. Психология тарихы пәнінің толық түсіну үшін психологиялық әдіс – тәсілдерді меңгерту, психология тарихының түсінігін және оның құрылымын, зерттелу тарихы туралы ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыру.

Психология тарихы әр түрлі дәуірдегі әр тараптағы халықтардың ойшылдары мен ғалымдарының үздіксіз сұхбаты ретінде көрінеді және онда әр қайсысы психология ғылымына көптеген үлестерін қосқан.

Курста негізі психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады.
1.2.Пәннің міндеті: Психология ғылымының даму дәрежесін түсіндіру. Психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру. Курста әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет пен өмірбаяндық әдебиеттердің, өнердің материалдарын меңгерту қажет. Психология тарихы курсы студенттердің әлеуметтік пәндерді: философия, Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т.б. пәндерді оқып білуімен тығыз байланысты.
1.3. Оқыту процесінде пәннің алатын орны: Психология тарихы – психологияның мәселелері және жеке аймағына қатысты білімдерді синтездейтін аса маңызды кешенді пәндердің бірі.

Аталған пән бойынша психологиялық ғылымдардың жалпы заңдылықтары және қалыптасу кезеңдерімен психологиялық концепциялардың даму логикасын, заңдылықтарын ашып көрсетеді. Курс Қазақстандағы психологиялық ойлардың дамуымен тығыз байланысты.

«Психология тарихы» әлемдегі барлық психологиялық білімдер жайлы бұрынғы өткен ғұлама ғалымдарымыздың көзқарастары мен болашақты болжауының нәтижесінен туындаған, өткен тарихымыздан жас ұрпаққа мұра болып жеткен психология ғылымдарының дамуын, және әртүрлі кезеңдегі психологиялық ой- пікірлердің даму мәселесін қрастырады. Психология тарихы осы ғылымның негізін салушы ғұламалардың ғылыми мұраларына ұқыпты қаруға, ғылыми еңбектерін, ғылыми мұраларын бағалап, әрі қарай дамуына жағдай жасауға үйретеді. Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады. Курсты оқу арқылы психологиялық категориялар мен көзқарастардың дамуындағы сабақтастық, әр түрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың әрекеттестігі қадағаланып отырады.

2. Пәннің мазмұны

2.1 Дәрістер



Дәріс тақырыптарының атауы

Дәрістің мақсаты және мазмұны

Оқыту формасы

Көлемі (сағаттар)

1.

Психология тарихына кіріспе

.


Мақсаты: Студенттерді кәсіби психологиялық білімнің маңыздылығымен таныстыру, түсініктерін кеңейту. Пәннің алғашқы түсініктерін бекіту.

Жоспары: Психология тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері.

Тарихи психологиялық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері. Психология дамуының факторлары мен заңдылықтары



Күндізгі

1

2.

Ежелгі және орта ғасырдағы психологиялық білімдер


Мақсаты: Студенттердің ежелгі және орта ғасырдағы психологиялық көзқарас туралы білім қорын кеңейту.

Жоспары: Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой – пікір. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар. Күнге, отқа және атқа табынудың психологиялық мәні. Буддизм түсінігіндегі психика мәселесі.

Қабылдау және ұғым. Дербес мән ретіндегі «МЕН» - ге қарсы Локаята ілімі. Буддизм түсінігінде психика күйлердің ағыны ретінде. Лаоцззы УІ ғ.б.э.д. психиканың объектінің физикалық әсеріне тәуелділігі, адам табиғилығы туралы. Конфуций 551 – 479 б.э.д. адам табиғатының рухани – тәндік бір тұтастығы туралы. Практикалық медицина мен жаратылыстану шеңберіндегі психикалық туралы табиғи – ғылыми көзқарастар.



Күндізгі

2

3.

Антикалық психология


Мақсаты: Студенттерді пәннің ғылыми-теориялық негіздерімен,

ұғымдарымен тереңірек таныстыру. іскерліктерін қалыптастыру.

Теориялық алған білімдерін бекіту.

Жоспары: Платонның 427 – 347 б.э.д. жан мен таным туралы ілімі. Платон ілімінің кейінгі дәуірмен күні бүгінге дейінгі психологиялық ой – пікірлерге әсері. Гераклиттің УІ – У ғ. б.э.д. жан туралы, табиғаттың жалпы заңдарына тәуелділігі жайлы идеялар. Атомистер: Левкипп, Демокрит 460- 347 б.э.д. Эпикурдың материалистік көзқарастары. Демокрит пен өзге атомистердің психологиялық танымның кейінгі дамуына ықпалы. Аристотельдің 384 – 322 б.э.д. жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Аристотельдің психологиялық көзқарастарының биологиялық бағдары. Грек және Рим дәргерлерінің сезім мүшелері: ми, қабылдау, темпераментті зерттеудегі ғылыми жетістіктері.(Гален, Гиппократ). Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.



Күндізгі

2

4.

Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология


Мақсаты. Студенттердің тақырып бойынша білімдерін кеңейту және іскерліктерін дамыту.

Жоспары: Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар Р.Бэкон, В.Оккам, Д.Скотт. номиналистер мен реалистердің дау – таласы. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы. Түркі мұсылмандық психологияның дамуы. Арабтық шығыстағы психологияның дамуы Әл – Фараби жан қуаттары жайл. Ибн – Сина Авиценна психиканың материалдық негізі туралы. Ибн - әл – Хайсам Альгазен көру түсініктері туралы. Ортағасырлық дәргерлер, анатомдар зерттеулерінің психология үшін маңызы. Авиценна, Мигель, Сервет, Андрей Везалий

Күндізгі

2

5.

ХYІІ ғасырдағы Европалық психология


Мақсаты. Студенттерді теориялық білім беру.Тақырып бойынша студенттерді жаңа түсініктермен таныстыру.

Жоспары: Р.Декарт (1596 - 1650). Декарттың жан мен тән туралы ілімі, дуализм. Декарттың рационализмі, психиканы санамен теңестіру. Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты және оның психологиялық идеялардың дамуындағы бейнелеуі. Ф.Бэконның (1596-1650) эмперикалық әдістаманы негіздеуі. Рефлекс туралы ілім және оның тарихи мәні. Б.Спиноза (1632 - 1677). Ойлайтын тән туралы түсінік. Аффектілер туралы ілім. Таным мен қабілеттілік туралы ілім.

Т. Гоббс (1588 - 1679) бойынша психиканың жалпы түсінігі. Таным процестері мен аффектілер, ерік пен қабілеттілік туралы ілім.

Дж.Локк(1632-1704).Эмперикалық психологияның бастауы. Локктың туа біткен идеяларға қарсы болуы. Г.Лейбниц (1646 - 1716). Апперцепция туралы ілімі. Лейбництің психология дамуы әсері. Санасыз психиканың құбылыстар туралы түсінік. Эмперизмді сынау.


Күндізгі

2

6.

ХYІІІ ғасырдағы психологияның дамуы


Мақсаты.. ХYІІІ ғасырдағы психологияның дамуы жайлы білімдерін толықтыру, бекіту.

Жоспары: Ж.Ламетри (1715 – 1751). «Адам машина» адам мен оның психикасына табиғи ғылыми көзқарас. Англиядағы ассоциативтік психология. Д.Гартли негізгі психиканың элементтер мен олардың ассоциациясы туралы.Э.Кондильяктың сенсуалистік таным теориясының дамуы. Д.Дидроның психологиялық көзқарастары. К.А. Гельвецийдің психологиялық көзқарастары. Неміс классикалық философиясындағы психологиялық идеялардың психология ғылымы дамуындағы мәні мен маңызы. И.Кант, и.Г. Фихте, Г.Гегель, Л.Фейербах. жүйелі, дәйекті материализм, сезімдік және рационалдық таным, қабілеттер.

Күндізгі

2

7.

ХІХ ғасырдағы психологияның дамуы


Мақсаты. Тақырып бойынша түсініктерін бекіту, іскерліктерін қалыптастыру арқылы

пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Жоспары: М.Ласаруц пен Х. Штейнталь психологиясы. А.Бэннің эмперикалық психология жүйесі, психологиядағы ықтималдық статистикалық әдістерінің мүмкіндіктері мен шығармашылық ассоциация туралы түсінік. А.Бэн мінез туралы.

Джемс Миллдің психологиялық көзқарасы Г.Спенсердің эволюциялық ассоцианизмі және оның психологиялық ғылымға ықпалы. К.Д.Ушинский психолог ретінде. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық антропологиясының қазіргі психология үшін мәні.

М.И.Владиславлев,Н.Я.Грот,И.А.Сикорский, М.М. Торцкийлердің психологиялық зерттеулері мен тұжырымдамалары. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушылары: Шоқан Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың шығармаларындағы психологиялық идеялар.


Күндізгі

2

8.

Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы


Мақсаты.Студенттерді психологияның дербес ғылым ретінде қалыптсуы тарихымен таныстыру.

Жоспары: Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи ғылыми алғышарттары. Ч.Белл, Г.Гельмгольц, Э.Вебер ашылымдары. Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары. Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы. Вундтың психология пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы түсінігі жан дүниесі заңдары. Вундттың «халық психологиясы» гуманитарлық психология бағдарламасы. И.М. Сеченов психолог ретінде. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы. «Бас миының рефлекстері» еңбегінің орыс және дүние жүзілік психологияның кейінгі дамуы үшін мәні мен маңызы. Алғашқы психологиялық лабораториялар: Германияда (Лейпцик), Ресейде (Қазан - 1885), АҚШ – та. Алғашқы психологиялық журналдар, конгрестер, Ғылыми қоғамдар мен мектептер. Психологияны оқыту.



Күндізгі

3

9.

Психологиядағы ХІХ – ХХ ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар


Мақсаты. Студенттерге тақырып негізінде теориялық білім беру.

Жоспары: Ф.Брентаноның психологиялық акт теориясы. К.Штумпфтың функциялар психологиясының пайда болуы. Э.Б.Тетчнердің структурализмі. Вундт идеясының Америкада дамуы. В.Джемс. Психиканы бейімделу механизмі, сананы психикалық автоматизмдер туралы теориялық көзқарастар.

Т.Рибоның психологиялық теориясы. В.М.Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті. Н.Н.Лангеніңэксперименттік психологиялық зерттеулері мен теориялық тұжырымдамалары.



Күндізгі

2

10.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдан басындағы сараптау психологиясының дамуы


Мақсаты: Студенттерді пәннің ғылыми-теориялық негіздерімен,

ұғымдарымен тереңірек таныстыру.

Жоспары: Г.Эббингауздің, Г.Э.Мюллердің есті зерттеуі. Вюрцбург мектебіндегі О.Кольпе, Н.Ах, К.Бюлер, О.Зельц ойлауды эксперименталдызерттеуі. Эксперименттің күрделі психикалық құбылыстарды зерттеуде қолданылуы мен әлемге таралуы. Колумбия университетіндегі Д.М.Кэттельдің психологиялық лабараториясындағы даралық ерекшеліктер, оқу дағдылары, психофизика, ассоциация салаларындағы зерттеулері. Жануарлар сараптау психологиясы. (Э.Торндайк, В.Смолл).

Ф.Гальтонның сараптау дифференциалдық психологиясы. Тестерді ойлап табу. Ч.Спирмен қабілеттілік туралы факторлық талдауды жасау.А.Ф.Лазурский тұлға психологиясына қосқан үлесі.



Күндізгі

2

11

Психологияның қазіргі тарихы. Психологиядағы әлемдік мектептер


Мақсаты: Берілген тақырып негізінде студенттердің теориялық біліммен ұаруландыру.

Жоспары: Психологиялық ғылымдардың жіктелуі. Психологиядағы дағдарыс. Әдіснамалық плюрализм. Психологияға философиялық ағымдардың әсері. (феномонология, экзистенциализм, прагматизм, марксизм өмір философиясы). М.Верттеймер, В.Келлер, К.Коффкалардың гештальпсихологиясы. К.Левиннің зерттеулері. З.Фрейдтің психоанализі. Фрейд бойынша психиканың дамуы. А.Адлердің даралық психологиясы. Ағза мен мүшелердің психикалық кемістігі мотивациялық фактор ретінде ілім. К.Юнгтің аналитикалық психологиясы. Ассоциативті сараптау.

Күндізгі

2

12

Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасуы


Мақсаты: Марксизм философиясына негізделген кеңес психологиясының қалыптасу тарихымен таныстыру, білімдерін бекіту.

Жоспары: Марксизм классиктерінің психология саласындағы негізгі идеялары. Психология ғылымына марксизмді еңгізу тарихы. ХХ ғасыр 20-30 жылдары аралығындағы әдіснамалық пікір сайыстардың тарихи ролі. П.П.Блонский, Л.С.Выготский, К.Н.Корнилов, С.Л.Рубинштейіннің маркстік психологиялық ғылымының қалыптасуындағы рөлі.И.П.Павлов, А.А.Ухтомский, Н.А.Бернштейн, П.К. Анохиннің мінез – құлық пен психикалық іс - әрекеттің философиялық механизмдерін зерттеуі.Кеңес психологиясының 20-30 жылдарындағы жалпы психология саласындағы жетістіктері. Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн. С.Л.Рубинштейннің «Психология негіздері» 1935 ж. кітабы кеңес психологиясының соғысқа дейінгі даму нәтижесін қортуы.

Күндізгі

2

13

Соғыс жылдары (1941 – 1945 ж) мен 80- жылдардың ортасына дейінгі кеңес психологиясы


Мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерін кеңейту..

Жоспары: 1940-1980 жылдардағы кеңес психологиясы мен жеке ғылыми мектептердің жетістіктері.Кеңес психологтарының Жеңіске қосқан патриоттық үлесі. РСФСР – да Педагогикалық ғылымдар Академиясын, Мәскеу және Ленинград университеттерінде психология бөлімін, Грузияда психология Институтын ұйымдастыру. КСРО психологтар Қоғамының «Вопрос психология» журналын ұйымдастыру. Кеңес психологиясының әлемдік ғылыми ақпараттық кеңестікке шығаруы. КСРО психологтары Қоғамының съездері: 1959,1963,1968,1971,1977,1983,1989. О.К. Тихомировтың, М.Мұқановтың, Б.Ф.Зейгериктің зерттеуі. Психологиялық ғылымдардың жетілуі: әлеуметтік, заң, саясат, этностық, инженерлік, ғарыш, еңбек, спорт, өнер т.б. психологиялардың дамып жетілуі.

Күндізгі

3

14

Шетелдік психологиясының жаңа бағыттары мен беталыстары


Мақсаты: Студенттерді теориялық білімдерімен және шетелдік психологияның бағыттарымен таныстыру.

Жоспары: Жан Пиаженің генетикалық психологиясы. Анри Валлонның даму психологиясы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психологяның жаңа салаларының пайда болуы мен дамуы. Инжанерлік психология, эргономика, кросс мәдени психологиялық зерттеулер, ұйымдастыру, тарихи, экологиялық психологиялар, психолингвистика т.б.Кибернетика мен ақпарат иеорияларының психологияға әсері. Когнетивті психология. Әлеуметтік когнетивтік психология. Неофрейдизм Г.Салливен, К.Хорни, необихевиоризмдегі А.Бандура тұлға теориялары, гуманистік психология Ш.Бюллер, А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс. Жаңа психопрактиктердің таралуы. Батыстың математика, физика, нейрофизиология, социология, саясаттану ғылымдары мен пән аралық байланыстарының дамуы.




3




Барлығы







30 сағат

2.2 Практикалық сабақтар



Практикалық сабақтардың тақырыптары


Мазмұны

Оқыту формасы

Көлемі (сағаттар)

1

Психология тарихына кіріспе


Ұсынылған тақырып бойынша студенттер білімдерін толықтырып, психология тарихы пәнінің даму кезеңдерімен танысады.

Күндізгі

1

2

Ежелгі шығыс ойшылдарының психологиялық идеялары


Тақырып негізінде студенттердің теориялық білімдерін бекіту.Ежелгі шығыс ойшылдарының психологиялық идеяларымен таныстыру

Күндізгі

1

3

Антикалық ойшылдардың психологиялық идеялары


Аталмыш тақырып негізінде теориялық білімдерін толықтыру, антикалық ойшылдардың психологиялық идеялары туралы ақпарат беру,

Күндізгі

1

4

Орта ғасырдағы психология


Тақырып бойынша жалпы түсініктерін қалыптастыру, білімдерін толықтыру көзделінеді.

Күндізгі

1

5

Р.Декарт, Дж.Локк және Б.Спинозаның психологиялық ілімдері


Ұсынылған тақырып негізінде теориялық білім беріледі. Р.Декарт, Дж.Локк және Б.Спинозаның психологиялық ілімдерімен

танысады.



Күндізгі

1


6

И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік психологияның бастауы: Э.Вебер, Г.Фехнер, В.Вундт

И.М.Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік психологияның бастауы жайлы таныстыру, тақырып аясында білімдерін толықтыру.

Күндізгі

2

7

Психологияның қолданбалы салалары: педагогикалық, медициналық, еңбек психологиясы

Тақырып бойынша теориялық білімдерін кеңейту.Психологияның қолданбалы салалары туралы ақпарат беру.

Күндізгі

1

8

Психоанализ тарихы және қазіргі заман


Берілген тақырып негізінде теориялық білімдерін кеңейту, психоанализ тарихы жайлы толық ақпарат беру

Күндізгі

1

9

Гештальтпсихология және бихевиоризм тарихы мен қазіргі жағдайы

Гештальтпсихология және бихевиоризм тарихы мен қазіргі жағдайы туралы білімдерін толықтырып, бекіту

Күндізгі

1

10

Француз социологиялық мектебі және оның психологияға әсері



Э.Дюргеймнің психологиялық идеялары, Ж.Пиаженің негізгі теориясы туралы білімдерін толықтыру.Француз социологиялық мектеп өкілдері және олардың тұжырымдамаларымен таныстыру.

Күндізгі

1

11

Когнетивтік психология: тарихы және қазіргі күйі


Когнетивті психологияның жетекші идеялары. Когнетивті психологияның басқа психологиялық мектептерді сынға алуы. Когнетивті психология өкілдерінің психологиялық идеялары жайлы толық ақпарат беру.

Күндізгі

1

12

Шетелдегі даму психологиясы: Ж.Пиаже, А.Валлон, Ш.Бюлер


Ж.Пиаженің ақыл-ойды сатылап қалыптастыру теориясы және

Ш.Бюлердің бала психологиясын зерттеуі жайлы теориялық білімдерін бекіту.



Күндізгі

1

13

Ресейдегі ХІХ-ХХ ғасыр шебіндегі идеалистік философиялық психология


Ресейде эксперименталды психология дамуының алғы шарттары, Ресейдегі алғашқы психологиялық эксперименталды лабораториялардың пайда болу жайлы,Ресейдің әлемдік психологиялық идеялардағы ролі туралы білімдерін толықтыру.

Күндізгі

1

14

Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері және Қазақстандағы психологияның бүгінгі жағдайы

15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарыжәне

19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан бастап психологиядағы жетістіктері жайлы білімдерін толқтыру.



Күндізгі

1




Достарыңызбен бөлісу:


plan-realizacii-strategii-regionalnogo-razvitiya-avtonomnoj-respubliki-krim-stranica-12.html
plan-realizacii-strategii-regionalnogo-razvitiya-avtonomnoj-respubliki-krim-stranica-24.html
plan-realizacii-strategii-regionalnogo-razvitiya-avtonomnoj-respubliki-krim-stranica-29.html
plan-redakcionno-izdatelskoj-deyatelnosti-fgu-vnii-mvd-rossii-na-2011g-.html
plan-referata-dolzhen-bit-logichnim-posle-kazhdogo-voprosa-sdelani-vivodi.html
plan-referata-kratkij-ekskurs-v-istoriyu-rossii-nachala-xix-veka-reformi-speranskogo.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/statya-6-1837-7-stranica-7.html
  • uchit.bystrickaya.ru/svyatochnij-rasskaz-kak-zhanr.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/variant-34-pravotvorchestvo-v-rossijskom-gosudarstve-metodicheskie-ukazaniya-dlya-studentov-specialnosti-030501.html
  • college.bystrickaya.ru/13-baudolino-vidit-kak-zachinaetsya-gorod-umberto-eko.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/skazka-afroamerikancev-ssha.html
  • doklad.bystrickaya.ru/voprosi-dlya-ocenki-kachestva-usvoeniya-kursa-programma-disciplini-mediatehnologii-tehniko-tehnologicheskie-osnovi.html
  • crib.bystrickaya.ru/ispolzovannaya-bibliografiya-programma-po-specialnosti-domashnej-i-kommunitarnoj-medicini-nacionalnaya-komissiya.html
  • diploma.bystrickaya.ru/zhivoj-ogonek-p-p-bazhov-sobranie-sochinenij-v-treh-tomah-tom-vtoroj.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/sekretnie-vojni-sovetskogo-soyuza-stranica-3.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-disciplini-ods-10-materialno-tehnicheskoe-obespechenie-adaptivnoj-fizicheskoj-kulturi-celi-i-zadachi-disciplini-cel-disciplini.html
  • literature.bystrickaya.ru/data-formirovaniya-01-06-2010-reestr-vidannih-licenzij-na-roznichnuyu-prodazhu-alkogolnoj-produkcii-stranica-14.html
  • writing.bystrickaya.ru/intellektualnij-centr-fundamentalnaya-biblioteka-mgu-3-stranica-2.html
  • composition.bystrickaya.ru/otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-kraevogo-gosudarstvennogo-obrazovatelnogo.html
  • grade.bystrickaya.ru/neravenstva--cel-poyasnitelnaya-zapiska-status-dokumenta-rabochaya-programma-po-matematike-sostavlena.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vtoroe-kosmicheskoe-posvyashenie-24-kommentarij-k-duhovnoj-ierarhii.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-16-kniga-pervaya-ujti-chtobi-vizhit.html
  • abstract.bystrickaya.ru/2-obshestvo-i-priroda-stranica-26.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/mezhdunarodnie-aviacionnie-organizacii-chast-16.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/individualnie-i-kollektivnie-sredstva-zashiti.html
  • teacher.bystrickaya.ru/glava-3-gon-igra-v-poddavki-aleksandr-mitich.html
  • nauka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-upravlenie-personalom-stranica-17.html
  • thescience.bystrickaya.ru/igrovaya-programma-koordinacionnie-soveti-organizacij-profsoyuzov-dokumenti-i-rekomendacii-prakticheskij-opit.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/particle-formirovanie-struzhechnogo-kovra-spring-1-pri-raskroe-v-nuzhnij-razmer.html
  • grade.bystrickaya.ru/nazvanie-tematicheskij-rubrikator-hranilisha-cor-stranica-57.html
  • notebook.bystrickaya.ru/izdaniya-20022005-gg-ne-voshedshie-v-predidushie-vipuski-g-ya-fetisova-redaktor-bibliograficheskogo-opisaniya.html
  • literature.bystrickaya.ru/enciklopediya-stranica-32.html
  • education.bystrickaya.ru/21-informacionnaya-bezopasnost-vidi-ugroz-bezopasnosti-informacionnim-sistemam-marketinga.html
  • universitet.bystrickaya.ru/uchebnaya-geologosemochnaya-praktika-yavlyaetsya-vazhnim-zvenom-v-podgotovke-inzhenernih-geologicheskih-kadrov-t-k-v-processe-prohozhdeniya-praktiki-studenti-priobretayu.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/vkonce-noyabrya-v-ottepel-chasov-v-devyat-utra-poezd-peterburgsko-varshavskoj-zheleznoj-dorogi-na-vseh-parah-podhodil-k-peterburgu-bilo-tak-siro-i-tumanno-chto-stranica-21.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/variant-11-materiali-dlya-podgotovki-k-sessii-studentam-vi-kursa-zaochnogo-obucheniya.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rasshirenie-obshestvennogo-uchastiya-ocherednoj-vipusk-nauchno-metodicheskogo-zhurnala-pedagogich-eskoe-obozrenie-posvyashyon.html
  • studies.bystrickaya.ru/ivobsheobrazovatelnaya-programma-osnovnogo-obshego-obrazovaniya-obsheobrazovatelnaya-programma-osnovnogo-obshego-obrazovaniya-obespechivayushaya-dopolnitelnuyu-uglublennuyu-podgotovku-po-fizike.html
  • turn.bystrickaya.ru/pervichnaya-profsoyuznaya-organizaciya-oao-tiraspolskij-hlebokombinat-intervyu-ekspertov-i-drugie-sociologicheskie-issledovaniya.html
  • pisat.bystrickaya.ru/svetskaya-sistema-oformleniya-deyatelnosti-sintez-ognya.html
  • occupation.bystrickaya.ru/obshestvennie-organizacii-stranica-8.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.