.RU

Әож 371. 012 КӘсіптік оқыту студенттерінің инновациялық технологияларды кәсіби білім беру жүйесінде қолдануы дарменова Рахия Абрашетовна

Дата09.09.2017өлшемі63.37 Kb.
ӘОЖ 371.012
КӘСІПТІК ОҚЫТУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУЫ

Дарменова Рахия Абрашетовна

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы, Rahiya1961@mail.ru

Қоғамның жедел жаңаруы  үшін білім саласының, әсіресе қоғам  үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жаңаруы керек. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, технологиялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» - деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті. Бұл маңызды мәселе әсіресе  жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің де бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы инновациялық технологияларды меңгеру. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Барлық қызмет саласындағы қарқынды өзгерістер күрделі процестерді іске асыруга қабілетті инновациялық түрде ойлайтын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда жаңа продуктивті тәсілдерді талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ”Масырова Р., Линчевская Т. – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық ниновациялық технологиялалары мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев,  Ж.А.Қараев, С.Н.Лактионова, ал ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады -деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:  инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда: бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.



  • білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;

  • ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

  • баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

  • мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

  • қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

  • оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

  • есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

–  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

– жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

– жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір     шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

– әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

–  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

–  өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

–  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Әдебиеттер

1.Бөрібекова Ф. Жанатбекова,  Кусаинова А.А., Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері, 2012

1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен,



2007
Түйіндеме

Бұл мақалада қоғамның жедел жаңаруы  үшін білім саласының, әсіресе қоғам  үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жаңаруы керек. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, технологиялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілгені жазылған.

Достарыңызбен бөлісу:

podgotovka-k-pervomu-marafonu-programma-minimum.html
podgotovka-k-prodazham-i-k-peregovoram-ob-usloviyah-prodazh-etapi-prodazh.html
podgotovka-k-provedeniyu-proverki-administrativnij-reglament.html
podgotovka-k-realizacii-programmi-gazifikaciya-mo-gorod-tomsk-cel-programmi.html
podgotovka-k-sessii-u-otlichnika-nachinaetsya-za-mesyac-dva-no-chashe-vsego-ekzameni-zacheti-gotovyatsya-za-nedelyu-bivaet-za-den-dva-nekotorie-studenti-umudrya-yutsya-sdelat-nevozmozhnoe-vozmozhnim-utrom.html
podgotovka-k-sochineniyu-po-kartine-i-i-shishkina-zima.html
  • report.bystrickaya.ru/k-k-arsenev-slovo-k-chitatelyu-stranica-7.html
  • writing.bystrickaya.ru/20-korotkih-sovetov-ot-freda-kelli-kotorie-pomogut-vam-brosit-kurit.html
  • tests.bystrickaya.ru/kurs-lekcij-lekciya-vvedenie-v-filosofskuyu-suicidologiyu-lekciya-obshaya-harakteristika-issledovatelskogo-podhoda-k-probleme-suicida-stranica-7.html
  • student.bystrickaya.ru/26-otorinolaringologiya-metodicheskoe-posobie-dlya-vrachej-sankt-peterburg-2007.html
  • learn.bystrickaya.ru/franchajzing-chast-4.html
  • write.bystrickaya.ru/etapi-razvitiya-neftegazovoj-promishlennosti-rossii.html
  • assessments.bystrickaya.ru/centralnij-finansovij-okrug-eho-moskvi-eho-05-08-2008-varfolomeev-vladimir-18-00-7.html
  • abstract.bystrickaya.ru/25-spori-svyazannie-so-srokami-podachi-deklaracij-nalogoplatelshikami-informacionno-konsultacionnij.html
  • student.bystrickaya.ru/3-rasshirenie-vozmozhnostej-ou-b-i-goroshkov-radioelektronnie-ustrojstva-spravochnik.html
  • lecture.bystrickaya.ru/analiz-polozhenij-zakona-o-nesostoyatelnosti-bankrotstve.html
  • predmet.bystrickaya.ru/rossijskoj-federacii-federalnoe-gosudarstvennoe-avtonomnoe-obrazovatelnoe-uchrezhdenie-visshego-professionalnogo-obrazovaniya.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-ii-golodani-kniga-iz-serii-celitelnih-sil.html
  • testyi.bystrickaya.ru/44-kakovo-vashe-semejnoe-polozhenie-metodika-issledovanij-v-socialnoj-rabote-uchebno-metodicheskij-kompleks-disciplini.html
  • esse.bystrickaya.ru/rapackaya-l-a-mirovaya-hudozhestvennaya-kultura-ch-1-i-ch2-ucheb-dlya-uch-sya-11-kl.html
  • school.bystrickaya.ru/ludwig-van-beethoven.html
  • prepodavatel.bystrickaya.ru/tyagovij-i-dinamicheskij-raschet-avtomobilya-vaz-21093.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/analiz-igr-s-a-kapustin-dlya-studentov-fakultetov-psihologii-visshih-uchebnih-zavedenij-po-napravleniyu-521000-psihologiya.html
  • notebook.bystrickaya.ru/kniga-vtoraya-stranica-17.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/rukovoditel-cik-edinoj-rossii-andrej-vorobev-v-samie-slozhnie-momenti-prezident-okazivalsya-ryadom.html
  • spur.bystrickaya.ru/mastera-sporta-mastera-sporta-mezhdunarodnogo-klassa-zasluzhennie-mastera-sporta-olimpijskie-chempioni-zasluzhennie-treneri-rossii-zasluzhennie-rabotniki-fizich.html
  • studies.bystrickaya.ru/buhgalterskij-uchet-v-stroitelstve-2.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/vladimir-gubarev-serebristie-oblaka-sbornik-statej-k-100-letiyu-so-dnya-rozhdeniya-sergeya-pavlovicha-korolyova.html
  • holiday.bystrickaya.ru/nekotorie-svedeniya-o-konditerskih-izdeliyah-chast-6.html
  • klass.bystrickaya.ru/7-2-tematika-kontrolnih-rabot-po-uchebnomu-kursu-administrativno-pravovie-osnovi-vzaimodejstviya-gosudarstva-i-biznesa.html
  • shpargalka.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskoe-posobie-bijsk-2004-obshie-metodicheskie-ukazaniya.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/proektnaya-deklaraciya-ooo-diskom.html
  • control.bystrickaya.ru/dyakonov-m-ocherki-obshestvennogo-i-gosudarstvennogo-stroya-drevnej-rusi-elektronnij-resurs-m-dyakonov-elektron-tekst-dannie-b-m-1908-rezhim-do-stranica-11.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/vkakom-vozraste.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/birzhevie-sdelki-chast-5.html
  • knowledge.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-prakticheskoj-raboti-proektirovanie.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/otveti-na-voprosi-soderzhashiesya-v-obrasheniyah-organov-ispolnitelnoj-vlasti-subektov-rossijskoj-federacii-i-administracij-municipalnih-obrazovanij.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/yuridicheskij-analiz-sostava-banditizma.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/analiz-strukturi-zatrat-na-personal-i-ih-ocenka.html
  • institut.bystrickaya.ru/tuk-e-zhivyal-mladiyat-avraam-arch-1.html
  • write.bystrickaya.ru/federalnoe-agentstvo-po-atomnoj-energii.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.